Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде бас имам Бейбіт Мырзагелдиевтің жетекшілігімен Тараз қаласы имамдарының жиналысы өтті.
Жиында «Qamqor-Sharapat» орталығының өңірдегі жұмысы талқыланды. Қала мешіттерінің имамдарымен ақылдаса отырып жер мәселесі, мәйіт таситын көлік, катафалка, орталық мешіттің жанынан бой көтеріп жатқан мәйітхана мәселелері қарастырылды.
Жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында орын алып жатқан жайттар талқыға салынып, шешімі шығарылды. «Qamqor-Sharapat» орталығының Жамбыл облысындағы жауапты маманы Халид Қожахметовтың айтуынша, мәйітхана құрылысы тәмәмдалып қалған көрінеді. Кезектегі шара ішіне қажетте құрылғылады алу. Оның бірі – мәйітке арналған мұздатқыш.
Бүгінде «Qamqor-Sharapat» орталығынан тарайтын журнал қаладағы әр мешітке жеткізілуде. Әрі өткізілген жаназалар арнайы тіркеліп отырмақ.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
18.01.2023
3027
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру