Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінде дәстүрге айналған айлық дастарқан жайылып, өткен жыл қорытындыланды.
Шара басында мешіт ұстазы Әжімұқан Өтебақ «Кешірімділік, кішіпейілділік – Алла Тағала ұнататын қасиеттер» тақырыбында уағыз айтты. Осыдан кейін, құлшылық үйінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы сауапты шараларды жиі ұйымдастырып тұрудың жамағаттың ауызбіршілігін нығайтудағы рөлі зор екендігін айтып өтті.
Осыдан кейін Еркеғали Сағынбайұлы өткен жылы мешіт тарапынан жүзеге асқан игі бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсеткен 8 азаматқа алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарды үлестіріп, ерекше белсенділігі үшін Ертарғын Кетебаев есімді жамағатқа кіші қажылыққа жолдама табыс етті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
18.01.2023
3001
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру