Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Ұлағаты мол жиын

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 17.01.2023 2896 0 пікір
Қостанай: Ұлағаты мол жиын

Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Қостанай облысына арнайы жұмыс сапары барысында Жангелдин ауданында ұйымдастырылған аймақтық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.

Саналы ғұмырын Ислам дінін өркендету мен ағарту саласына арнаған, Ғазиз Әмірхановтың 95 жылдығына орай «Ғибратты ғұмыр – ұстаз тағылымы» тақырыбында ұйымдастырылған конференция Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өтті. Оның жоғары деңгейде өтуіне Жангелдин аудандық білім бөлімі ұйытқы болды.

Конференциядан өңірдегі дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті жұртшылық кезінде елдің ыстық ықыласына бөленген тұлға жайлы мол мағлұмат алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру