Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің бастамасымен атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен 20 отбасыға азық-түлік себеттері мен 20 000 теңге қаржылай көмек табысталды.
Алдымен бас имам Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, жиналған қауымға «Жомарттық» жайында уағыз айтып, сіздер де осындай жомарттық жасай алатын дәрежеге жетіңіздер деген ақ тілегін білдірді.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға әркез дайын кәсіпкер азаматтар бұл жолы да жомарттық танытып, атсалысты. Ай сайын қала, аудан тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқан кәсіпкер азаматтар ылғи да сауабы мол шараның басы-қасында жүреді. Көмек алған отбасылар әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін мешіт ұжымына мен демеуші азаматтарға алғысын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
17.01.2023
2901
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру