Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 17.01.2023 5488 0 пікір
СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 24 жасқа дейінгі шәкірттер арасында  «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран жарысы өтті.

Байқауға облыс бойынша 60-қа тарта шәкірт қатысты. Сайыс келесі номинациялар бойынша өтті:  2 пара, 1,5 пара, 1 пара, 0,5 пара,  22-сүре және мәнерлеп оқу. Шәкірттер Құран жаттап қана қоймай, әртүрлі тақырыптарда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін, қазақ ұлыларының сөзін мүдірмей  жатқа айтып берді.

Сайыс жеңімпаздары төмендегідей:

Мәнерлеп оқудан – Серік Кәусар;

22 сүре бойынша – Сүндет Аяла;

0,5 пара бойынша – Сайидрахим Фатима;

1-пара бойынша – Серік Мухаммад;

1,5 пара бойынша – Шехиден Ибраһим;

2 пара бойынша – Шехиден Абдулазиз.

Аталған сайысқа өңірдегі дін жанашыры Біржан Шаймерденов демеушілік жасады. Жеңімпаз, жүлдегер шәкірттер ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Алла Тағала барша қайырымды жандарға, осы бүлдіршіндерді тәрбиелеген ұстаздарға, ата-аналарына Құранның берекесін нәсіп еткей. Бұндай игі шаралар болашақта жалғасын таба бермек. Алла дінімізді үстем қылғай!» деді СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру