Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен қала, аудан, ауыл мешіттерінде апта сайын имам, ұстаздардың көшпелі дәрісі өтуде.
Кезекті дәріс Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшам ауданындағы «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешітінде өтті. «Құспан молла» мешітінің наиб имамы Елдос Оташбаев жат ағым сенімнің адамды адастыратын тұстарын әңгімеледі.
«Сенім – өте нәзік мәселе, байыппен қарап, ақылмен шешім қабылдауды қажет етеді. Құлшылықтарымыз бен амалдарымыз сенімге негізделген. Діни шариғи мәселелерді мешіт ұстаздарынан білу керек. Жас кезде қателікке бой алдырмай шынайы мұсылман болу арқылы, өзіңді тәрбиелей аласың» деп атап өтті Елдос Оташбаев.
Кездесу соңында ұстаз Елдос Оташбаев қатысушы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
16.01.2023
3524
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру