Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада «Тегін такси» акциясы жалғасуда

muslim.kz 13.01.2023 2117 0 пікір
Елордада «Тегін такси» акциясы жалғасуда

Бірнеше күннен бері күрт суытқан ауа райының қолайсыздығына байланысты ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Тегін такси» қайырымдылық акциясын бастаған болатын.

Суық күнде жолда қалған, ашық аялдамаларда көлік күткен жандарға жылу сыйлап, діттеген жеріне жеткізіп салуға ықылас танытқан мешіт қызметкерлері мен жамағатының қайырымдылық акциясы бүгін де жалғасу үстінде.

Сондай-ақ, қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен Астана мешіттері бұл күндері «Тегін такси» қызметін ұйымдастыруымен қатар, көше тазалықшыларына ыстық шай, тамақ тарату жұмыстары, мұқтаж отбасыларға көмір түсіріп беру, азық-түлік апару секілді қайырымдылық шаралары қоса атқарылуда.

Атап айтқанда, Астана мешіттерінің ұйытқы болуымен екі күннен бері көше тазалықшыларына 200 ыстық тамақ, мұқтаж отбасыларға 10 тонна көмір және 100 бау отын, 10 отбасыға азық-түлік сөмкелері жеткізілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру