Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Балабақшаға шуақ сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 09.01.2023 3418 0 пікір
Өскемен: Балабақшаға шуақ сыйлады

ҚМДБ ШҚО өкілдігі қайырымдылық бағатын дамыту аясында өңірдегі мешіттерге бағыт-бағдар беріліп, назар аударып келеді. Өткен аптада Өскемен қалалық «Защита» мешіті ерекше қайырымдылық шарасын жасады.

Өскемен қаласындағы №2 «Бүлдіршін» балабақша-бөбекжайына мешіт тарапынан тәттілер апарып, бүлдіршіндерге базарлық таратты. Мешіттің жасаған осынау сыйына балалар қуанып қалды.

«Дінімізде бүлдіршін балаларды қуанту, оларға қамқорлық жасау аса сауапты іс делінген. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады» деп атап өтті «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы.

Бас имам балаларға рухани тәрбие жайлы тағылым айтып берді. Балабақша басшысы Анар Рахметова қалалық «Защита» мешітіне алғыс
білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру