Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ауыл имамдарына арналған оқу курсы басталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 05.01.2023 3892 0 пікір
ШҚО: Ауыл имамдарына арналған оқу курсы басталды

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің тапсырмасына сәйкес Зайсан аудандық мешітінде ауыл имам-молдаларының білімін жетілдіруге арналған 10 күндік оқу курсы басталды.

Курсқа 20-ға жуық имам қатысып, Құран, Шариғат ілімдері, ҚМДБ құжаттары бойынша біліктілігін арттыруда. Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Нұрболат Әметұлы: «Имамдардың діни біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау – бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің бірі. Курсқа қамтылғандарға біліктілігі жоғары ұстаздар шариғат негіздерінен Құраннан, ақидадан дәріс береді. Сонымен қатар пәтуадан, салттық рәсімдерден де соңғы шыққан кітаптарды таныстырғалы отырмыз» деп атап өтті.

Сондай-ақ дін қызметкері мешітте имам-молдаларға барлық мүмкіндік қарастырылғандығын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру