Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лайықты құрмет көрсетілді

sunna.kz 27.12.2022 3396 0 пікір
Лайықты құрмет көрсетілді

Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келе жатқан Аязби Хасенов үшін жұма күні ерекше қуанышқа толы күн болды. 

Оның ұзақ жылдар бойы құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының бастамасымен демеушілер есебінен кіші қажылыққа жолдама табысталды. Мешіттің бас имамы мен ақсақалдар алқасы Ұмра жолдамасының арнайы сертификатын тазалықшы қызметкерге табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін де  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті тағы бір мешіт тазалықшысы Ұмсын Тұрбашоваға да кіші қажылыққа жолдама табыстаған болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру