Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 2022 жылдың қорытынды жиыны өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 21.12.2022 3432 0 пікір
Қостанай: 2022 жылдың қорытынды жиыны өтті

Қостанай облыстық мешітінде жыл қорытындысына арналған жиын өтті. Оған аталмыш имандылық ордасының жанындағы алқа мүшелері, өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары қатысты.

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 2022 жылы жеті бағыт бойынша атқарылған жұмыс есебі жайлы баяндама жасады. Оның келтірген деректері мен дәйектері өзінің нақтылығы және терең мазмұнымен қатысушылардың назарын аударды. Барлық саладағы жүзеге асырылған шаралар ауыз толтырып айтарлықтай.

Қала, аудандарда бірқатар мешіттер күрделі жөндеуден өтті. Асханалар көптің игілігіне айналды. Алдағы уақытта да жоғарыда сөзімізге тиек болған бағыттар бойынша қыруар жұмыстар атқарыла бермек. 

Жиын барысында Бахытбек Нұрғабылұлы қайырымдылық мақсатында елеулі қызмет атқарған бір топ азаматтарға алғыс білдіріп марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру