Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы имамдары 2022 жылды қорытындылады

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 19.12.2022 4192 0 пікір
Алматы имамдары 2022 жылды қорытындылады

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жеті бағыт аясында 8 аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Жылдық есеп жиыны қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Әр аудан имамдары мешіттердің жыл бойы атқарған жұмысын жинақтап, орындалу деңгейін слайд арқылы көрсетті. Алматы қаласы өкілдігі жоспарға сәйкес жұмыстарды орындап, 2022 жылы 7 бағыт бойынша ауқымды іс-шаралар өткізді. ҚМДБ бекіткен жоспар мен ауқымды шаралар Алматы қаласы бойынша діни қызметкерлердің ұйымшылдық әрекетімен жүзеге асырылғанын атап өтті қаланың бас имамы Төлеби Оспан. ҚМДБ бекіткен 7 бағытқа жауапты мамандар есебі тыңдалып, өкілдіктің 2022 жылға арналған жоспарының орындалу деңгейіне қарай аудан көрсеткіші шығарылды.   

Сондай-ақ қорытынды жиында наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен бас имам Төлеби Дәділұлы үздік имам-ұстаздарды марапаттады. 7 бағыт жұмысы мен өкілдік бекіткен жоспарды жүйелі атқарудағы белсенділігі үшін  аудан имамдары алғыс хатпен марапатталды. Белсенділік танытқан 12 имам-ұстаз бен мамандар алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды. Сонымен қатар тағы 12 имам-ұстаздар мен 7 бағытқа жауапты мамандарға алғыс хат пен шипажайға жолдама сыйлады. Оның ішінде "Білім-Қазына" қоғамдық қоры "Нұр-Мүбарак" университетінің жаңа ғимарат құрылысына қаржы тартуда белсенді болған 4 имамға шипажайға жолдама ұсынды. Бұл өз кезегінде еңбекті бағалап қолдау болса, алдағы жылда дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына серпін берері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру