Шымкент орталық мешітінде имамдардың 2022 жылы атқарған жұмыс есебі тыңдалды.
Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз- насихат жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді. Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдарының жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер мен сөгіс беру ұсынылса, ал керісінше жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.
Жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша Қаратау ауданы «Үздік аудан, Үздік имам» аталымына ие болды. Сондай-ақ, үздік қызмет атқарған жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Сапарғали Абдуқаймов, Әділхан Сертай, Нұрсұлтан Орынбаевтарға отбасымен берге «Ақсу-Жабағылы» шипажайына жолдама берілді. Мұнымен қатар, 7 бағытқа қарасты 17 сала жұмысының нәтижесінде ең үздік 40 имамға марапат және елу мың теңге сыйақы берілді.
Мәжілісі барысында 2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
19.12.2022
3785
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру