Өткен аптада Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы ресми жұмыс сапарымен Балқаш ауданында болды.
Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімі Ғалым Қасымұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жұма намазының алдында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатымен жүздесіп, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан келген аудан имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлын таныстырып қызметіне сәттілік тіледі. Облыс бас имамы бірнеше жыл бойы Балқаш ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Шәріп Абдуллақадырұлына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
12.12.2022
4013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру