Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Жылдың қорытынды жиыны өтті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 08.12.2022 3503 0 пікір
Жетісу: Жылдың қорытынды жиыны өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық өкілдігіне қарасты қала және ауданның бас имамдары жылды қорытындылады.

Жиынды Жетісу облысының Бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының есебін тыңдады. «Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақта, ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек» деп атап өтті Алмас Сағидоллаұлы. 

Жиында имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Өңір имамдарының есебін тыңдаған Алмас Сағидоллаұлы мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, келер жылы жастар мен әйел жамағатына арнаулы дәрістер ұйымдастыруды, жас мамандарды жұмысқа тартуды, уағыз-насихат сапасын күшейту жұмыстарын пысықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру