Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда»

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2022 1137 0 пікір
«Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда»

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен осындай тақырыпта рухани кездесу өтті. Басқосу қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, қыз тәрбиесін қазақи бағытта жүргізу, тар жол, тайғақ кешкен аналар жолын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Іс-шара барысында қыз-келіншектерге қазақ әйелінің болмысы, аналық жолдағы қиындықтар мен жауапкершілік, әдеп пен әдемілік, сабырлық пен салиқалылық туралы уағыз айтылды. Ислам діні бойынша, әйел ердің қабырғасынан жаратылған. Сондықтан әйел – ерінің серігі, балаларының анасы, отбасының ұйытқысы» деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы А.Қазиева.

Сондай-ақ кездесу барысында асыл дініміздегі ананың парасаттылығы мен ұлылығы, бүгінгі әйелдің міндеті туралы айтылды. Қыз-келіншектер қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы көріністер көрсетті. Келіндер үлкендерге ізетпен сәлем айтып, ұлттық тағамдар дайындады. Әдемі кештен үлкен әсер алған қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру