Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Жас жұбайларға арналған семинар өтті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2022 1025 0 пікір
Ақтөбе: Жас жұбайларға арналған семинар өтті

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің неке залында жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті. «Бақытты отбасы – ұлт тірегі» деп аталатын іс-шара ҚМДБ-ның жеті бағытының бірі – дін мен дәстүр аясында ұйымдастырылды.

Игі шара барысында облыстық орталық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты. Іс-шараға «Нұр Ғасыр» мешітінде некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындады. Одан өзге наиб имам 3 жас жұбайдың некесін қиды.

Үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайлар үшін отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында ағалық ақыл-кеңес, үлкеннен үлгі-өнеге қажет. Осыны ескерген мешіт имамы отбасы бірлігі мен тыныштығын сақтау жөнінде насихат айтып, отбасы жарасымына қол жеткізу жолдары жайлы баяндады. Сонымен қатар игі бастама алдағы уақытта да желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді.

Шара соңында жас жұбайларға «Нұр-Ғасыр» мешіті атынан неке куәлігі табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру