Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау мешітінің жөндеу жұмыстарымен танысты

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2022 2025 0 пікір
Теміртау мешітінің жөндеу жұмыстарымен танысты

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау қаласына барған сапарында Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітке арнайы ат басын бұрды.

Қазіргі уақытта тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, Алланың үйін көркейтуге атсалысып жатқан арнайы мамандармен жолықты. Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жұмыс процесін таныстырып, соңғы кездері жасалған істердің барысын баяндады.

Айта кетсек, осы жылы Теміртау қалалық мешітінің күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Игі бастама бүгінде облыс бас имамының тікелей қадағалауымен қарқынды жалғасуда. Бірнеше кешеннен тұратын құлшылық үйі толықтай жөдеуден өтіп, жамағат игілігіне берілмек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру