Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: РАНТ мүшесі студенттермен кездесті

ШҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2022 1912 0 пікір
ШҚО: РАНТ мүшесі студенттермен кездесті

Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Дінтану және филология факультетінің студенттерімен кездесті.

Кездесуде РАНТ мүшесі жастарға жат ағымдардан сақтану жайында тағылымға толы уағыз айтты.

«Дәстүрлі Ислами танымды, Ханафи мәзһабын ел ішінде кең көлемде насихаттау мақсатында ҚМДБ жанынан Республикалық ақпараттық насихат тобы (РАНТ) құрылған. РАНТ қазіргі уақытта халықтың діни сауатын көтеруде бірқатар бастамаларды жүзеге асырып келеді. Әсіресе жат ағымдармен, қауіпті діни идеологиямен күрес имамдардың, мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мақсаты болуы керек. Соның ішінде әсіресе жастарды деструктивті ағымдардан сақтандыру өте маңызды» деп атап өтті.

Сонымен қатар ол жат ағымдардың шығу тарихын нақты мысалдармен түсінікті жеткізді. Кездесуде студенттер жастар жат ағымдардан сақтану бағытында және өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, Думан Нәдірұлымен еркін пікірлесті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру