Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының кәсіпорындары тексерілді

ҚМДБ "Халал Даму" 25.11.2022 1768 0 пікір
Алматы облысының кәсіпорындары тексерілді

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмасбеков өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды тексерді. Атап айтқанда, Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар аудандары бойынша тексеріс жүргізілді.

Кезекті бақылау барысында «Maki Maki» фаст-фуд өнімдер желісі, «Алатау құс» құс фабрикасы бақылаудан өткізілді. Мекемелердің ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік-техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағам қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.

Айлық тексеріс қорытындысы бойынша, кәсіпорындар жұмысы «QMDB Halal» талаптарына толықтай сай екені анықталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру