Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Спортшы жастармен жүздесті

Жетісу облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.11.2022 1836 0 пікір
Талдықорған: Спортшы жастармен жүздесті

Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ Жастар ісі секторының Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Денешынықтыру және өнер» факультетінің спорт шеберлері және белсенді студенттерімен кездесу өтті.

«Дін және жастар» тақырыбында өткен басқосуға облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлы арнайы қатысып, студенттерге насихат айтты. Бас имам спорт шеберлерімен сұхбат құрып, дін мен мотивациялық дүниелерді тілге тиек етті. Сондай-ақ жастарды намысты болуға, имандылыққа шақырды.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру