Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысында бата беру байқауы өтті

nurgasyr.kz 22.11.2022 2505 0 пікір
Ақтөбе облысында бата беру байқауы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ жеті жұмыс бағытының бірі – дін мен дәстүр аясында сан ғасырлар бойы Ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ақсақалдар арасында облыстық батасы сайысы өтті.

Байқауды облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Дана халқымыздың «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді» деп айтқан мақалы мағыналы әрі орынды қолданылған. Жердің құнарланып, көркеюіне жаңбырдың қаншалықты пайдасы тиетін болса, алып тұлғалы ердің де өсіп-өніп, көркеюіне батаның да соншалықты пайдасы тиетіні шындық» деді Серікжан Еншібайұлы.

Он беске жуық қария қатысқан бата беру байқауына республикалық бата жарысының жеңімпазы, «Ақ бата – алтын қазына» таңдаулы баталар жинағының авторы Марат Қабижанұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов төрелік етті.

Жарыс қортындысы бойынша Берік Үргенішбайұлы І орынды, Қуандық Қабден ІІ орынды, Ықылас Асанұлы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды облыстың бас имамы құттықтап, алғыс хат пен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы және қаржылай сыйлық табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру