Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Әлмерек» мешіті қайта ашылды

azan.kz 22.11.2022 2104 0 пікір
Алматы: «Әлмерек» мешіті қайта ашылды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен бірқатар аудан имамдары және дін қызметкерлері күрделі жөндеу жұмысы аяқталған «Әлмерек» мешітінің қайта ашылуына қатысты.

Алланың қалауымен, кәсіпкер Рифат Анварұлының демеушілігімен ескі мешіт ғимараты бұзылып, орнына 7 айдың көлемінде сәулеті жарасқан мешіт тұрғызылды. ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Астанадан арнайы «Әлмерек» мешітіне жіберген сыйлығы мен ыстық сәлемін қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы жеткізді. Рифат Анварұлына алғыс хат табыстап, жамағат ризашылық көңілмен иығына шапан жапты.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Олай болса заманауи үлгідегі сәулеті жарасқан «Әлмерек» мешіті шаһар тұрғындарының сүйікті құлшылық орны болары сөзсіз» деді қаланың бас имамы.

Айта кетейік, Түрксіб ауданына қарасты «Әлмерек» мешіті 1996 жылы жергілікті халықтың ұйымдасуымен салынған. Мешіт алғаш ресми түрде 2000 жылдың 5 шілдесінде ашылған. Мешітте бір мезетте 250 адам намаз оқитын. Уақыт өте келе қабырғалары жарылып, шатырынан су өтіп, мешіт апаттық жағдайға түсті. Ал жаңадан бой көтерген құлшылық үйінде бір мезетте 500 адам намаз оқи алады. Сонымен қатар мешіт ауласына 500 адамдық орын бар.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру