Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Шарапатты шаңырақ» отбасылық сайысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.11.2022 2347 0 пікір
Шымкентте «Шарапатты шаңырақ» отбасылық сайысы өтті

Шымкент қаласындағы «Исамиддин баба» мешітінде дін мен дәстүр аясында рухани шара ұйымдастырылды.

Рухани шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре,  «Бибісара ана» мешітінің имамы самат Анарбаев, «Әл Мүслім» мешітінің имамы Бекайдар Қымбатов, «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Ербосын Бектұрсынұлы қатысып, төрелік етті.

Әуелгі дін мен дәстүр бағыты аясында «Шарапатты шаңырақ» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Оған қаламыздағы ең үлгілі отбасылары қатысып, тәжірибесін бөлісті. Игі шараны дінтанушы Самат Анарбаев жүргізіп, үйлестірді. Дін мен дәстүр аясында тұсаукесер рәсімі мен азан шақырып ат қою дәстүрі айрықша өтті. 

Игі шара барысында «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Ербосын Орын барлық қатысушыларға ризашылық білдіріп, арнайы сый-сияпат үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру