«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы «Халифа Алтай» мешітінде өскемендік бір топ ақсақалмен кездесті.
Жиында өкілдіктің бастамасымен жыл сайын тұрақты түрде өтіп келе жатқан облыстық «Қариялар форумының» шешімдерін жүзеге асыру, ұлттық салт дәстүрді ұлықтау және ел бірлігін сақтау туралы салиқалы әңгіме өрбіді.
Бас имам өз сөзінде: «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген дана халқымыз. Ақсақалдар институты – қазақ қоғамында қашан да бірлік пен берекенің ұйытқысы. Сіздермен бірлесе отырып өкілдік тарапынан рухани құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрді таныту, діни рәсімдерді оңтайландыру бағытында бірқатар іс-шараларды халық арасында таныстырып жатырмыз. Ең бастысы сіздердің белсенділіктеріңіз, тәжірибелеріңіз өкілдік үшін қашан да маңызды» дей келе, рухани құндылықтарды ұлықтау бағытында ҚМДБ тарапынан қазіргі таңда қолға алынып жатқан игі шаралар туралы кең көлемде баяндап берді.
Бас имам ақсақалдардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарын бөлісті. Қариялар өз кезегінде ҚМДБ тарапынан жасалып жатқан кешенді іс-шараларды әркез қолдайтынын жеткізді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.11.2022
2676
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру