Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтайда Мәуліт кеші өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.11.2022 2883 0 пікір
Алтайда Мәуліт кеші өтті

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің ұйымдастырумен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне Мәуліт кеші өтті.

Мәуліт мерекесіне жиналған халық Алтай қалалық мәдениет сарайына лық толды. Рухани шараны ашып сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. «Мәуліт айында мұсылман үмбеті Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сан мың салауат, мадақ айтады. Шүкірлік етіп, ғибратты істер жасап, сауапқа бөленеді. Мерекеге атсалысқан жамағаттарға, жиналған қауымға алғыс айтамын» деп атап өтті.

Тағылым кеші Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауатпен басталып, Құран бағышталып, Мәуліт оқылды. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың өмірінен өнегелі насихат айтылды. Мерекеге облысқа танымал дәстүрлі әншілер қатысып, рухани әндерден шашу шашып, мерекені тамашалауға келген көпшілікті жырға бөледі. Жиналған жұрт сағына күткен Мәуліт мерекесін рухани тағылымға толы шара деңгейінде ұйымдастырған аудандық «Ақтан» мешітіне алғыс айтып, тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру