Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Студенттермен кездесу өткізілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.11.2022 2610 0 пікір
Ақтөбе: Студенттермен кездесу өткізілді

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман «Ақтөбе» медресе-колледжінің биыл бітіретін 3-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыстың Серікжан Еншібайұлы шәкірттерге оқуды жақсы бітіруіне тілектестік білдіріп, оларды Ақтөбе облысындағы мешіттерге қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы аудан, ауыл, қала мешіттерінің бүгінгі жағдайын баяндап, қызмет бабы бойынша сұранысқа ие орындарды да атап өтті.

Мұхаммедисмаил Шадман діни қызметтің мән-маңызы жайлы түсіндірсе, Әлімбек Тұралиев дін маманына бүгінгі таңда жасалып жатқан материалдық жағдайға тоқталып, діни қызмет барысындағы жауапкершілік жайлы кеңесін бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру