ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Алматы қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Батыржан Берденұлы жақында ғана ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тұсауын кескен «Хусамаддин Ас-Сығанақи» атындағы ислам институтына ат басын тіреді. Бөлім меңгерушісі «Бәсекеге қабілетті маманға айналу» тақырыбында мекеме ұстаздары мен шәкірттеріне дәріс өткізсе, «Бәйкен» мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы» тақырыбында уағыз айтты. Насихат барысында РАНТ мүшесі жамағатпен сұхбаттасып, сұрақ-жауап ретінде әңгіме өрбітті.
Сондай-ақ Батыржан Берденұлы қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Орталық мешітте «Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Жамағатқа мұсылман адам әрдайым дүние-ақыретке пайдалы ізгі амалдарды көптеп жасауы қажет екенін айтты. Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға сүйікті деп танылған ізгі амалдың түрлеріне кеңінен тоқталды. Жұма хұтпасы айтылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін дұға жасалды.
Бұдан бөлек Батыржан Берденұлы «Азан.кз» студиясында «Ислам – ынтымақ пен бірліктің діні» тақырыбы аясында видео-сұхбатқа қатысты.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
16.11.2022
3777
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру