Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада мәуліт кеші өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 16.11.2022 2665 0 пікір
Қызылордада мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақ Отау» мейрамханасында мәуліт кеші өтті.

Рухани кешке ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, жыршылар мен термешілер, қала және аудандық мешіттердің имамдары мен белсенді жамағаты қатысып, мерекелік шараның куәсі болды.

Нақтырақ айтар болсақ, қасиетті Құран аяттарымен басталған берекелі басқосуда мәуліт жыры оқылып, ғибратты уағыз айтылды, бейнероликтер көрсетілді, Хасан Ташайұлы және өзге де құрметті азаматтар құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Алмас Алматов  бастаған жыршы-термешілер өнерлерін ортаға салып, кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй мен рухани демалыс сыйлады.

Мерекелік жиын соңында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Алмас Алматов пен Хасан Ташайұлына шапан жауып, ата дәстүрін жалғады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру