ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобының Дінмұхаммед Сманов Жетісу облысына арнайы іс-сапармен келді.
РАНТ мүшесі ең алдымен Жаркент қалалық мешітінде кешкі ақшам намазынан кейін «Бауырмалдық» тақырыбында уағыз айтты. Одан әрі аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен жастармен жүздесіп, «Имандылық» тақырыбы аясында жат ағым, дініміздің құндылығы жайында ақпараттарды бөлісті. Жастар өздерін мазалаған түйткілді сауалдарын қойып, дін маманынан тұшымды жауаптар естіді.
Іс-сапардың жалғасы Панфилов аудандық мешітінде қасиетті жұма күнмен жалғасты. Жамағатқа «Ізгілікті амалдар жасау» тақырыбында жұма уағызын айтып, намазға қатысты.
Аудандық спорт үйінде спорт шеберлерімен және «Көктал» ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп, діни насихат жүргізді. Тағылымды насихат аясында Құран аяттарынан және хадис ғылымынан мысал келтіре отырып, көшбасшылық, даналық таныту, жас маман тәрбиелеу сынды тақырыптарды тілге тиек етті.
Жұмыс сапары қорытындысы ретінде РАНТ мүшесі Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Жетісу жұртшылығының діндегі ізденгіштігіне көзі тойып, осы жолдағы дін қызметкерлерінің еңбегіне разы болды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglym.kz
16.11.2022
2932
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру