Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңірдегі дін қызметкерлерін аттестаттау аяқталды.
Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссия құрамында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Оңғаров, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков сияқты дін мамандары болды.
Сынақ нәтижелері бойынша 15 имамды басқа қызметке тағайындау туралы ұсыныс берілді.
Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтті. Тест сұрақтары негізінен ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша топтастырылды.
Екінші кезеңінде имамдар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсырды. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
«Аттестаттау шарасы имамдарымыздың жұмысына тың серпін берді. Жан-жақты сауатты және жоғары білімді имам – заман талабы екенін ұмытпауымыз керек» деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
16.11.2022
3434
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру