Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 200 балаға қысқы киім сыйлады

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 15.11.2022 3048 0 пікір
Алматы: 200 балаға қысқы киім сыйлады

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Орталық мешітте Балалар жылына орай «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды Балалар жылы деп атауына орай ҚМДБ Алматы өкілдігі жыл басынан бері бірнеше іс-шаралар өткізді. Балаларға жылулық сыйлаған кезекті игі шараны «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қалалық өкілдігі мен 8 аудан мешіті бірлесе ұйымдастырып, мұқтаж отбасылардағы 200 балаға қыстық күртешелер үлестірді.

«Сау ұрпақ – ұлттың ертеңгі болашағы. Сондықтан балаларға қамқорлық, мейірім үлкендердің басты назарында болғаны жөн» деді Төлеби Оспан. Ата-аналар қайырымдылық шарасына атсалысқан барша жандарға зор алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру