Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Маңғыстау облысында болды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 15.11.2022 2600 0 пікір
РАНТ мүшесі Маңғыстау облысында болды

Ақтөбе қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы Маңғыстау облысына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында бірнеше мекемеде түрлі тақырып аясында кездесулер өтті. Атап айтқанда, қалалық «ар-Рахман» мешітінде «Бауырмалдық – басты байлық» турасында насихат айтып, Маңғыстау облыстық «Бекет ата»  мешітінде «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында жұма уағызын өткізді. Сондай-ақ С.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инновациялық университетінің білім алушыларымен сұхбаттасып, рухани құндылықтар төңірегінде ой өрбітті. Ал Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен өткен кездесу барысында «Жан мен тән» тақырыбында адам мен жануардың айырмашылықтарын мысал ретінде келтіріп, адам баласының жаратылуының негізгі мақсатын түсіндірді.

Одан өзге РАНТ мүшесі Жаңаөзендегі «Шаңырақ» қалалық мешітінде болып, ақшам мен құптан намаздарының арасында «Алла разылығы үшін бауырыңды жақсы көру» және Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық мешітінде «Ел бірлігінің маңызы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Іс-сапарда РАНТ мүшесі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасын насихаттау мақсатында өңірлік имамдардың таныстыруымен Қараман ата қорымында орналасқан жерасты мешіт-медреселерде зиярат жасалып, бабалар рухына құран оқып, бағышталды.

Сапар қортындысында Нұрлыбек Күзенбаев Ақтау қаласында жаңадан бой көтерген «Ержан хазірет» мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Иман мен амалдың арақатынасы және маңыздылығы» туралы айтып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру