Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Терме – тәрбие тұмасы»

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.11.2022 2851 0 пікір
Қызылорда: «Терме – тәрбие тұмасы»

А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде Сыр сүлейлерінің мінәжат жырларын жаңғырту мақсатында «Терме – тәрбие тұмасы» атты аймақтағы жас жыршы-термешілердің облыстық байқауы өтті.

Сайыстың қадірлі қонағы болған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Мәуліт айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Айтыс» ақындары, жыршы-термешілердің халықаралық одағы, Қызылорда облыстық филиалы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе ұйымдастырған байқауда Сыр сүлейлерінің, қазақ ақындарының бай мұрасы, өзгеше жанр саналатын мінәжат жырлар жаңғырды. Сондай-ай Базар жырау Оңдасұлының 180 жылдығы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдық мерейтойлары аясында ақындардың шығармалары орындалды.

Алмас Алматов бастаған қазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша Жәнібек Жақсан бас жүлде иегері атанса, 1-орынды Қуаныш Алғазиев қанжығасына байлады. Ал 2-орынға Өмірзақ Жанболат лайық деп танылып, Мұхамедәлі Бекпейісов, Нұрай Өркенбекқызы, Руслан Өтегенов 3-орынға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру