Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде өткен «Адамзатқа үлгі болған Пайғамбар» тақырыбындағы Мәуліт кеші жақсылардың басын қосып, ізгілікті үлгі етті.
Қасиетті Құранмен ашылған салтанатты кеште университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат, проректор PhD доктор Қайрат Құрманбаев беташар сөз сөйлеп, көпшілікке тағылымды насихат айтты. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл мұратын ұстанудың қашан да жауапкершілігі мен маңызы жоғары екеніне ерекше тоқталды.
Кеш барысында әсем әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй ойнады. Мерекемен құттықтай келген өнерпаз Айдар Тұрғамбек пайғамбар жайлы әнімен көпшілікті тәнті етті. Ұлттық өнер айтыстың да туы көтеріліп, ақындардың алғырлығы мен тапқырлығы жұртшылықты бір серпілтті. Қазіргі дін білімін қолдануға қатысты кездесетін жағдайларға орай ұсынған студенттердің қойылым көрерменді ойға жетеледі. Мереке соңында студенттер арасында ерекше ойын ойнатылып, жеңімпаздарға ерекше сыйлық жасалды. Яғни қажылық компаниясы ұмра сапарына 30, 50 пайыз жеңілдікпен және толықтай тегін жолдама ұсынды. Нәтижесінде, Әлібек Жалиев (30 пайыз), Аяулым Жексенбек (50 пайыз), Әсел Абдуллаева тегін жолдамаға ие болды. Оларға университет басшылары мен қажылық компания өкілдері арнайы сертификат табыстады.
Университет жанындағы «Білім-Қазына» қоғамдық қорына қызмет етуші ерікті студенттер арасынан белсенді Нұрболат Қуанышбекұлына ұмра сапарына жолдама сыйға тартылды. Осылайша әлемдегі ең әсем сөздермен басталған мереке соңы ілім жолындағы жастардың қуанышымен аяқталды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
15.11.2022
2460
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру