ҚМДБ «Халал даму» маманы, технолог Айжан Омарова Өскемен өңіріне арнайы іссапармен келіп, аймақтағы халал сертификатына ие болған кәсіпорын басшыларымен және аудан, қала мешіттеріндегі салаға жауапты мамандармен бірлескен кеңес өткізді.
Басқосуда «Халал даму» маманы: «Халал сертификаты бар, таза, денсаулыққа пайдалы азық-түлік тұтыну насихатталып жатыр. Біз бұл бағыттағы үгіт-насихат шараларын кәсіпорындар арасында үнемі насихаттауымыз керек. Халалдың маңызы туралы халықты ақпараттандыру –күн тәртібіндегі мәселе» деп ерекше атап өтті.
Айжан Омарова сонымен қатар кәсіпорын басшыларының қойған сауалдарына жауап берді. «Халал даму» өкілі кәсіп иелеріне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
09.11.2022
2983
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру