Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Интеллектуалды сайыс өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.11.2022 3034 0 пікір
Қостанай: Интеллектуалды сайыс өтті

Қостанай облыстық мешітінде мәуліт айының құрметіне имандылық ордасының наиб имамы, діни сауат ашу курсына жауапты Тимур Төребаевтың ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты интеллектуалдық білім сайысы өтті.

Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан сыр шертетін жарысқа өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 30 талапкер қатысып,  бақтарын сынады.

Аталмыш сайыста  85 сұрақ қойылды.  Қатысушылар  ұялы телефондары арқылы қойылған сауалдарға жауап берді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші және екінші орындарды Рудный қалалық «Нұр» мешітінен келген Серікболсын Өтеш пен Дәулетбай Мұратхан жеңіп алды. Ал, үшінші орынды Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен қатысқан Закария Жамантай  иеленді.  Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылардың ой-өрісін, таным көкжиегін кеңейтуге ерекше ықпал еткен білім сайысы өте қызықты әрі ұйымшылдықпен  өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру