Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Рухани мәуліт кеші өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 31.10.2022 2869 0 пікір
Павлодар: Рухани мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Естай» мәдениет сарайында «Ғаламның рахым нұры» атты мәдени-рухани кеш өтті.

Рухани кеш Құран оқумен басталып, салауат айтылып, Мәуліт жырлары оқылды. Әсем күйлер күмбірлеп, тәлімді термелер термеліп, дәстүрлі әндер шырқалып, діни әуендер асқақтап жиналған қауымды ғибратты әсерге бөледі.

Мәуліт кешінде Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы сөз сөйлеп, жиналған көренменді айтулы мерекемен құттықтады. Адамзаттың ұлы тұлғасы Алланың елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры барлық адамзатқа өнеге, оның барлық құрмет лайық екенін тілге тиек етіп, ғибратты насихат айтты.

Рухани кешті тамашалауға келген көрермендерге әртүрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің атынан  арнайы сыйлықтар берілді.

Мәуліт мейрамындағы ең игілікті істердің бірі – жақсылық жасау,мұқтаж жандарға демеу көрсету. Павлодар облысы өкілдігінен жыл сайын мәуліт мейрамында мешіт қорына жиналған қаражаттан әртүрлі отбасыларға және дін қызметкерлеріне Алла разылығы үшін көмек көрсетіліп  келеді. Бұл  игілікті іс әлбетте биыл да  Алланың қалауымен жалғасын тауып, бас имам Жолдас Қоспақұлы 10 отбасына әрқайссына 100 000 теңгеден, барлығы  бір миллион теңге қаражатты сыйға тартты. 

Іс-шараны жергілікті ақын, жыршы, термеші, айтыскер өнерпаз жастар бірлесіп жүргізді.

Рухани кеш адамзаттың ардақтысына арналған әнмен өз мәресіне жетті. Ерекше әсерге бөленіп шыққан халайық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру