ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Көркем мінездердің кемелі» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті.
Петропавл қаласының Н.Погодин атындағы облыстық театрында өткен кешке ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы арнайы қатысып, жамағатқа Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолы жөнінде рухани насихат айтты.
Бұдан кейіе адам жанына әсерлі қойылымдар ұсынылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды.
Кеш соңында облыс бас имамы Хамзат Қажымұратұлы көпшілікті мәуліт мерекесімен құттықтай келе, еңбек ардагерлеріне арнайы алғыс айтып, марапаттады. Атап өтсек, «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен 32 жыл қызмет қылған Райхан Сыздықова марапатталса, 46 жыл С.Мұқанов атындағы кітапханада аянбай тер төгіп, қазақ туындыларын таратқан Майра Тұрғынқызына «Үздік кітапханашы» номинациясы берілді. Маңдай терімен әрекеттеніп, әдемі жетістіктерге жеткен Болат Қайрошұлына «Еңбек адамы» номинациясы берілді. ⠀
Сондай-ақ дін саласының ардагерлері де осы рухани кеште қуанышқа бөленді.⠀Ардагер имам Балтабай Шаймұратұлы мен Құранын қасынан қалдырмаған Раушан Кәрібайқызына Ұмра қажылығына жолдама берілді.⠀
Осындай әсерлі кеш соңы қала тұрғындарына арналып жайылған дастарқанға жалғасты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
31.10.2022
3264
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру