Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: РАНТ мүшесі – ел астанасында

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 31.10.2022 3439 0 пікір
Ақтөбе: РАНТ мүшесі – ел астанасында

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Астана қаласына  іс-сапармен барды.

Сапар барысында РАНТ мүшесі жергілікті жамағатпен жүздесіп, білім ордаларында түрлі тақырыптар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Аталған іс-сапар мектеп оқушыларымен кездесуден басталып, жеткіншектерге «Тәрбие – білім негізі» тақырыбы аясында насихат айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдар негізінде тақырыпқа терең талдау жасалды. 

Сондай-ақ «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, «Білім алудың пайдасы»  тақырыбында ой қозғаған Нұрлыбек Шакизадаұлы жастарға ілім жолындағы қадамның маңызын түсіндіріп өтті. Одан өзге РАНТ мүшесі «Ақ мешіт» мешітіндегі бейсенбілік ауызашар дастарханында «Иман мен амалдың арақатынасы және амалдың маңыздылығы» туралы және «Раиса ана» мешітінде «Жүрек дерттері» туралы насихат айтып, пенде әрдайым Алланың бақылауында екендігін естен шығармай, ішкі ниетті үнемі тазалап отыру қажеттігін баса айтты. 

Сапар қортындысында РАНТ мүшесі «Ақ мешіт» мешітінде жиналған жамағатқа жұма уағызын өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру