Жамбыл облысында баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 610-пәтер кілті табысталды.
Тараз қаласының іргесіндегі Шөлдала ауылында тұратын көпбалалы отбасы күннің суығында қысылтаяң күйге түскен еді. Әрі 8 баланың әкесі денсаулығы нашарлап, шама келгенше еңбек етіп келеді.
«Әбу Бәкір Ас-сыддық» мешітінің имамы және жамағатының ұйытқы болуымен осы отбасы қуанышқа бөленді. Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков, «Әбу Бәкір Ас-сыддық» мешітінің имамы Қасымжан Бектаев пен жамағат арнайы қатысып, көпбалалы отбасының қуанышына ортақтасты.
Жаңа шаңыраққа аяқ басқан отбасының қуанышын көрген көпшілік жүректерінде жылу тұтты. Имамдар батасын беріп, кілтін табыстап, дұға-тілектерін білдіріп қайтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
30.10.2022
3158
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру