ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы агро-техникалық колледждің белсенді студенттерімен кездесті.
«Жас мұраты, білім, тәлім-талабы...» тақырыбында өткен жүздесуде дін саласына қатысты маңызды тақырыптар тарқатылды. Наиб мүфти жігерлі жастарға Ислам дінінің қадір-қасиеті мен негізгі насихаты турасында айтып берді.
«Баршаға белгілі, ислам тек бейбітшілікті ту еткен, бірлікке бастаған дін. Бүгінгі уақытта дін төңірегіндегі даулы әңгімелер, шын мәнінде, ата-бабамыз ұстанған саф дінге, шынайы исламға еш үйлеспейді. Бұған қатысты әлемдік дін ғұламалары, еліміздің ғалымдары мәлімдеме жасап та келеді. Ал жастарға айтарымыз, дін дегеніміз – ғылым, білім, өмір. Өмірді жарық ететін де осы таным-білім, ізгілік. Құранның алғашқы аятының өзі «Оқы!» деген әмірмен түскен. Сол себепті, сіздерге оқуда озат болыңыздар, өз кәсіптеріңіздің білікті маманына айналыңыздар демекпін» деді Ершат Ағыбайұлы.




Жастармен өткен жүздесуде түрлі сұрақтарға жауап алынды. Мотивациялық ақыл-кеңестер де айтылды. Кездесу соңында наиб мүфти студенттер үйіне спорттық жиынтықтарды сыйға берді. Ал колледж басшылығы тарапынан дін қызметкеріне дәстүр жолымен иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglym.kz
27.10.2022
3551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру