Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңірлік Құран курсында Алланың кәләмін жаттап жатқан шәкірттер арасында сайыс өтті.
1 және 2 пара бойынша сынға түскен шәкірттерге Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, ХІ Республикалық Құран жарысының жеңімпазы Иманәлі Мырзагелді және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат қазылық жасады.
Бірінен бірі асып түсіп, Құранды махражына келтіре оқыған жастардың ішінен дода жеңімпазын анықтау оңай болмады. Сайысқа қатысқан 20 баланың ішінен оқ бойы озық шыққандар төмендегідей орындарға ие болды.
Құранның 1 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Жәпек Рахымжан;
ІІ орын – Мырзагелді Нұрислам;
ІІІ орын – Жақсылық Нұрсұлтан, Анарбек Әділжан мен Ерланұлы Ислам.
Құранның 2 парасын жатқа оқу бойынша:
ІІ орын – Әділет Бақдаулет;
ІІІ орын – Еркінұлы Бексұлтан.
Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
27.10.2022
3685
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру