ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының «Ертіс-Концерт» мәдениет сарайында «Бірлік туы –Пайғамбар» атты рухани кеш өтті.
Мәуліт кешінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы сөз сөйлеп, жиналған көренмендерді айтулы мерекемен құттықтады.
«Адамзаттың ұлы тұлғасы Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айын рухани мейрам ретінде атап өту бұрыннан келе жатқан дәстүр. Алланың елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры барлық адамзатқа өнеге. Оның тағылымы сарқылмас кәусар іспетті, сондықтан да Ұлы пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық құрмет лайық» деп атап өтіп, пайғамбарымызыдң (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты насихат айтты. Кеште белгілі діндар ұстаз Шыңғыс қажы жиналған қауымға елдің тынышытығы мен берекесі үшін бата берді.
Алланың елшісі, Ұлы пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне арналған рухани кеш Құран оқумен басталды. Бұдан соң белгілі жыршы-мәулітші Ербол Саргелов «Халифа Алтай» мешітінің имамдарымен Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, Мәуліт жырын оқыды. Қазақтың киелі домбырасымен шырқалған мәуліт жыры көрерменді ерекше толқытты.
Кеш барысында «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі әсем күйлерді шалқытып, дәстүрлі әндер шырқалып, діни әуендер асқақтап, тәлімдік термелер айтылды. Кештің құрметті қонағы «Құрмет» орденінің иегері, белгілі жыршы-термеші Әлмырза Ноғайбаев жыр термелер шырқап, жиналған қауымды ғибратты әсерге бөледі.
Рухани-ғибраттық кешті ҚМДБ-ның ШҚО бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы қорытындылап, сөз сөйледі. Бас имам сонымен бірге Мәуліт кешіне атсалысқан өнерпаздар ұжымына шынайы алғыс білдірді.
Кеш аяқталған соң көрермендер рухани кештің әсерімен бөлісіп, Мәуліт мерекесінің жақсы деңгейде ұйымдастырылғандығын айтып, өкілдікке ризашылықтарын білдіріп жатты. Мәуліт кешінде халыққа құрма таратылып, қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
26.10.2022
3724
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру