Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали әдеттегі басқару-бақылау жұмыстары бойынша Қарағанды қаласындағы «Қазыбек би» мешітінде болды.
«Қазыбек би» мешітінің имам, ұстаздармен танысып, өзара сұхбат құрған бас имам біршама өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігін таныстырып, ұжым туралы мәлімет берген мешіттің бас имамы Ысқақ Рахымбекұлы шәкірттер тәрбиеленіп жатқанын да жеткізді.
Естай Айтуғанұлы жан-жақты аралау барысында ғибадат үйінің көз қуантарлық тұстарын тілге тиек етіп, әсіресе «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
20.10.2022
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру