Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде Республика күніне орай спорт шарасы өтті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 20.10.2022 2930 0 пікір
Ақтөбеде Республика күніне орай спорт шарасы өтті

25 қазан – Республика күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам Нұрлыбек Шакизадаұлының және Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Сансызбай Жәдігерұлының бастамасымен спорт шарасы өтті.

«Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында екі салмақ бойынша гір тасын көтеру, қол көтеру сынды сайыс ұйымдастырылды. 

Білектің күшімен сынға түскен қатысушылар өз мүмкіндігін мүлт жібермей, белсенділік танытты. Сайыс нәтижесі бойынша озық шыққан  І орын иегеріне смартфон, ІІ және ІІІ орын жүлдегерлеріне шаңсорғыш пен планшет табысталды. Елдің амандығы мен баянды берекесін тілеген жамағат ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру