Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Мәуліт кешінде имамға пәтер кілті берілді

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 19.10.2022 2885 0 пікір
Абай: Мәуліт кешінде имамға пәтер кілті берілді

Абай өңірінде қасиетті айдың құрметіне орай мәуліт кеші ұйымдастырылды. «Мейірімді Мұхаммед ﷺ» атты рухани кеште Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылды.

Ғибратты сахналық көрініс қойылып, облыстың бас имамы Асқар Мұқанов жиналған көрерменге уағыз-насихатын жеткізді.

Сондай-ақ тағылымы мол кеште «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Семей қалалық «Төкеш» мешітінің бас имамы, 20 жылға жуық діни қызмет атқарған білікті маман Думан Оразхановқа 598-пәтер кілті табысталды.

«Сіздер Мәуліт кешіне келіп, рухани азық алумен қатар қайырымдылық жасап отырсыздар. Билеттен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. Арамызда баспаналы болуы қиын болып жүрген имам бауырымыз бар. Үйлі болуға әрекет жасап жатыр еді, мінеки, сіз-біз болып, кәсіпкер ағалар қолдап, сол жанды бүгін қуантып отырмыз. Сауабы ортақ бәрімізге. Алла разы болсын!» деді облыстың бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру