Орал қаласындағы «Аманат» ғимаратында ҚМДБ бастамасымен және «Өнер қырандары» театрының қолдауымен «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеш өтті.
Кеш барысында БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жұртшылықты қасиетті Мәуліт айымен құттықтады және екі дүние сардары болған Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі туралы қиссаларды бөлісті.
Одан кейін «Өнер қырандары» театры әсерлі қойылымдарын көрермендер жүрегіне жеткізді. Орал медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттерінің орындауында мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.
Тағылымы мол рухани кештің соңы діни әндерге ұласты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
19.10.2022
3112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру