Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Уақып» қорының аймақтық семинары өтті

ҚМДБ «Уақып» қоры waqf.kz 19.10.2022 2924 0 пікір
Шымкент: «Уақып» қорының аймақтық семинары өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Шымкент орталық мешітінде өткен «Уақып – сарқылмайтын сауап» аймақтық ақпараттық-насихаттау семинары қатысты.

Семинар жұмысынан кейін, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Шымкент қаласында бірнеше мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Оны Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен қалалық «Уақып» қорының жауапты өкілі Ералы Есенгелдиев таныстырды.

Жалпы,  мешіт жаныннан салынған  8 қызметтік үй және 11 діни дүкен «Уақып» қорының қамқорлығына беріледі.

Сондай-ақ, 8 жерде оқушылар мен студенттерге арналған қайырымдылық мекемесінің құрылысы жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.

Кездесу барысында ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру