ҚМДБ бастамасымен барлық сатылы имамдардың біліктілігін сараптау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының имамдары «Халифа Алтай» мешітінде аттестаттаудан өтті.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі т.б дін мамандары бар.
Комиссия мүшелері өңір имамдарының білімі мен біліктілігін сарапқа салды. Имамдар Құран, ақида және фиқһ ілімдерінен сынақ тапсырды. Аттестаттау имамдардың діни лауазымына қарай бірнеше санатқа бөлінді. ҚМДБ қабылдаған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның қызметкерлерінің этикасы» және діни қызмет туралы заңдардан білімін сараптады. Аттестаттау тест түрінде және ауызша екі нұсқада жүрілуде.
Сынақ туралы ҚМДБ аттестаттау комиссиясының төрағасы: «Қазіргі заман талабына сай имамдар бен барша діни қызметкерлері жан-жақты білімді болуы шарт. Дін қызметкерлері Құран, шариғат, ақида, фиқһ және ҚМДБ-ның негізгі құжаттарын жетік меңгеріп, талаптарға сай болуы тиіс. Рухани кемелдік арқылы өз қызметін мүлтіксіз атқарып, ел тыныштығы мен бейбітшілігіне үлес қосып, болашаққа терең із қалдыруы керек» деп атап өтті.
Сонымен қатар ол осынау шараның діни біліктілікті арттыру мен діни қызмет сапасын жақсартуда зор маңызға ие екендігін атай келе, ҚМДБ тарапынан қабылданған маңызды құжаттардың басшылыққа алынуы, діни қызмет туралы заң-ережелерді меңгерудің кәсіби қажеттілігі туралы айтып өтті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.10.2022
3513
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру